Синоптиктердің болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК наурыз айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, нағыз жылы көктемгі ауа райы күтіледі. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейбір күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағаймен бірге жаңбыр жаууы мүмкін.
«Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман түсуі күтіледі», – делінген синоптиктердің мәліметінде.
Күндізгі ауа температурасы:
ал оңтүстік-батыста температура сәл төмендеп, +13…+20°С шамасында болады.