Қазақстандықтар 28 наурыз күні онкологтардың тексерісінен тегін өте алады

Іс-шараның мақсаты – қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтау

Қазақстандықтар 28 наурыз күні онкологтардың тексерісінен тегін өте алады
Фото: freepik.com

Қазақстандықтар 28 наурыз күні онкологияның профилактикасы бойынша бірыңғай ашық есік күні дәрігерлердің тексерісінен тегін өте алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шара онкологиялық сырқаттанушылық пен өлімді төмендету, сондай-ақ халыққа мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

Бұл күні жетекші онколог  дәрігерлер азаматтарды учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз және алдын ала жазылусыз тегін қабылдайды.

Негізгі назар мына ауруларды ерте анықтауға аударылады:

  • жатыр мойны обыры;
  • колоректалдық обыр;
  • бүйректің қатерлі ісіктері.

Ашық есік күні шеңберінде:

  • онкологиялық аурулардың профилактикасы және ерте диагностикасы бойынша консультациялар беріледі;
  • алғашқы белгілер түсіндіріледі;
  • диагностика мен емдеудің заманауи әдістері туралы ақпарат ұсынылады.

Қатысу: барлық ниет білдірушілер үшін ашық

Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алып келу қажет:

  • жеке куәлік;
  • бар болған жағдайда – бұрын жүргізілген тексерулердің нәтижелері (УДЗ, КТ, МРТ, медициналық қорытындылар).

«Іс-шараның мақсаты – қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтау, өйткені дәл осы кезеңде емдеу ең тиімді болып, өмір сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды өз денсаулығына мұқият қарауға, алаңдататын белгілерді елемеуге және дер кезінде дәрігерге қаралуға шақырады», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.