25.03.2026, 17:18
Жаңалықтар
Елімізде 26 наурыз күні ауа райы қандай болады
Кей өңірде ауа райы бұзылады
Фото: © istockphoto.com
«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 26 наурызға, бейсенбі күніне арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталғанымен, кей өңірде ауа райы бұзылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның кейбір өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің батыс бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжануда. Ал Солтүстік Қазақтанда жауын-шашын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысындағы елді мекендерде көктайғақ болуы мүмкін.
Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көрініс деңгейі төмендейді. Сонымен қатар, Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында және елдің орталығында желдің күшеюі байқалады.
Көп оқылған
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
24.09.2026, 14:10
Шұғыл жағдай: Каспий теңізінде 19 әскери қызметкер суға кетті, 9-ының мәйіті табылды