Жаңа қызметінде ол бокс командаларының нәтижесін жақсартумен айналысады
Қазақстандық боксшы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ұйымның ресми парақшасында мәлім болды.
Айта кетерлігі, боксшы жаңа қызметінде ол бокс командаларының көрсеткішін жақсарту, спортты дамыту және Олимпиада ойындарында жоғары нәтижелерге қол жеткізу бағытында жұмыс істейді.
Еске салайық, бұған дейін Серік Сәпиев әріптесімен болған жанжалдан кейін Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметінен босатылған еді.