$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.07.2020, 10:03
Жаңалықтар

Қазақстанда банктерге 47 миллион теңге айыппұл салынды

Барлығы 8 банк әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстанда банктерге 47 миллион теңге айыппұл салынды

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында банктерге қатысты әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 47,6 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Finprom.

Банктер жол берген заңбұзушылықтар әкімшілік жауапкершілікте көзделген:

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ақша төлемі және (немесе) аударымы жөніндегі нұсқауды орындау мерзімдерін бұзу»;

Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпаратты құжаттық тіркеу, сақтау және ұсыну бөлігінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңнамасын бұзуы;

Басқа да заңбұзушылықтар.

Ең көп әкімшілік айыппұл AsiaCredit Bank-ке – жалпы алғанда, 21,9 млн теңге салынған. Сондай-ақ Ресей Сбербанкі (11,1 млн тг) және Capital Bank Kazakhstan (7,8 млн тг) де бар. Tengri Bank-ке – 4,2 млн теңге, Альфа-Банкке 1,1 млн теңге айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары