Ақмола облысындағы Бестөбеде алтын шахтасына рұқсатсыз кірген 3 адам апатқа ұшырады
Ақмола облысында алтын өндіретін шахтаға заңсыз кірген адамдардың бірі қаза тауып, тағы 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 23 наурыз күні Бестөбе кентінде болған. Полицияның мәліметінше, шахтаның төменгі деңгейіне рұқсатсыз түскен 3 іздеуші түрлі дәрежеде жарақат алған. Соның салдарынан 1 ер адам оқиға орнында көз жұмған, ал қалған 2 адам медициналық мекемеге жеткізілген.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу шаралары жүргізілуде.