«Цифрлық үкімет»: елімізде электрондық үкімет порталы жаңартылады

Автор: Дәулет Ботагөз

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жаңа бұйрық қабылдады

Фото: gov4c.kz

2026 жылдың 12 шілдесінен бастап Қазақстандағы «Электрондық үкімет» порталы ресми түрде «Цифрлық үкімет» болып өзгеріп, оның жұмыс істеу тетіктері жаңартылады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің жаңа бұйрығында айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мекеме «цифрлық үкіметтің» инфрақұрылымдық нысандарының жаңа құрылымын бекітті. Енді жүйе құрамына бұрынғыдай 27 емес, 31 цифрлық нысан кіреді. Бұл мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен жылдамдығын арттыруға бағытталған қадам.

Жаңартылған инфрақұрылымның өзегі болатын маңызды жүйелер:

ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығы және түбірлік куәландырушы орталық;

«Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар» және «Е-лицензиялау» деректер қоры;

«Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі;

«Е-қызмет», «Е-заң көмегі» (заңгерлік көмек) және танымал ASHYQ платформасы қамтамасыз етіледі. 

2026 жылдың 12 шілдесінде жаңа бұйрықтың күшіне енуіне байланысты бұрынғы «электрондық үкімет» нысандарын реттейтін нормативтік актілердің күші жойылады.