Ведомство ел азаматтарын сақтық шараларын сақтауға шақырды
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт құбылып, қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтілуде. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ел азаматтарын сақтық шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік өңірлерден басқа еліміздің барлық өңірінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Ал еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде жағдай басқаша:
Мекеме мамандары қауіпті метеожағдай кезінде келесі ережелерді қатаң сақтауды сұрайды:
1. Көрініс деңгейі төмендегенде және жол тайғақ болғанда қала сыртына шықпаған абзал.
2. Жолда көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты ұстану маңызды.
3. Қатты жел кезінде нашар бекітілген конструкциялардың, билбордтардың астында тұрмаған дұрыс.