Талғат Орынбасар қола иеленді, Серікбаев финалға шықты
Қазақстан құрамасы дзюдодан Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алғашқы медалін еншіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Талғат Орынбасар қола жүлдеге қол жеткізді. Қола медаль үшін өткен белдесуде ол Украина өкілі Артем Лесюкке қарсы айқаста басым түсіп, турнирдің жүлдегерлері қатарына қосылды.
Айта кетейік, бұл жарыста тағы бір қазақстандық спортшы Нұрқанат Серікбаев та сәтті өнер көрсетіп, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды.