20.03.2026, 22:38
Жаңалықтар
Тбилисиде тарихи жеңіс: Серікбаев екінші жыл қатарынан топ жарды
Нұрқанат Серікбаев финалда әзірбайжандық балуанды соңғы сәтте ұтты
Фото: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз 66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін сүрінбей жетіп, шешуші белдесуде әзірбайжандық Туран Байрамовпен кездесті. Тартысқа толы өткен жекпе-жекте Серікбаев соңғы секундтарда тиімді әдіс жасап, «юко» ұпайын еншіледі. Осылайша, қазақстандық спортшы қарсыласынан басым түсіп, жарыстың чемпионы атанды.
Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев бұған дейін де Тбилисиде өткен Grand Slam турнирінде топ жарып, 2024 жылы алтын медаль иеленген болатын.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды