Наурыз қарсаңында ауа райы тұрақталады: кей өңірлерде жауын-шашын күтіледі

21 наурызда елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Наурыз қарсаңында ауа райы тұрақталады: кей өңірлерде жауын-шашын күтіледі
Фото: pixabay.com

Қазақстанда 21 наурызда антициклон жотасының әсерінен ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» мәліметінше, тек елдің қиыр солтүстігінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Ал батыстың шеткі өңірлерінде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

«Тек елдің қиыр солтүстігінде аздаған жауын-шашын түседі, ал батыстың шеткі бөлігінде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай болжанады», – делінген «Қазгидромет» баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ байқалады. Әсіресе бұл құбылыстар солтүстік және орталық өңірлерге тән болады.

Синоптиктердің дерегінше, солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жел күшейеді. Ал батыс өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.