Алматыда автобус жолаушылар өткелінен өтіп бара жатқан жас жігітті қағып кетті
Салдарынан зардап шеккен адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген
Алматыда №59 автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншіні өткелден өтіп бара жатқан жерінен қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 12 наурызда сағат 20:24 кезінде Медеу ауданында болған. Автобус Тәтібеков пен Қаратал көшелерінің қиылысында өткел арқылы жолдан өтіп келе жатқан 2004 жылы туған жас жігітті қағып кеткен.
Салдарынан зардап шеккен адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша Алматы қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда», – делінген полиция хабарламасында.