Алматыда екі күнге көлік қозғалысы шектеледі: Наурыз қарсаңында көшелер жабылады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Омаров көшесінде 20–21 наурыз аралығында көлік жүрісі уақытша тоқтатылады

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Наурыз мерекесіне орай бірқатар көшеде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты Омаров көшесінде 20–21 наурыз күндері автокөлік пен қоғамдық көліктің қозғалысы уақытша тоқтатылады. Шектеу қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мерекелік алаңды ұйымдастыру мақсатында енгізіліп отыр.

Қала билігі тұрғындарға бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертіп, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.

Айта кетейік, биыл Алматыда Наурыз мейрамы аясында 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Негізгі мерекелік орындар ретінде Астана алаңы, Абай алаңы, Жібек жолы даңғылының жаяу жүргіншілер аймағы және Панфилов көшесі белгіленген.