Қоянды ауылында ұзақ уақыт шешімін таппаған мәселе шешілді

Автор: Аягөз Құрмаш

Редакция материалынан соң электр бағаны бірден жөнделді

Фото: gov.kz

Бүгін таңертең Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Қоянды елді мекенінде электр бағаны құлайын деп тұрғаны жайлы жазған едік. Осы бойынша редакция Ақмола облысының әкімдігіне сұрау жолдаған болатын, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ауыл адамдарының айтуынша, түбінен морт сынып, қисайып тұрған баған туралы халық жергілікті әкімдікке бір емес, бірнеше рет айтқан.

Әкімдік бұл мәселе дәл бүгін шешіліп, электр бағаны ауыстырылып жатқанын хабарлады.

«Ақмола электржелі үлестіру компаниясынан электр желісін ажыратуға рұқсатты күткен. Қазіргі таңда мамандар ескі тіректі жаңасына ауыстыру жұмыстарын бастап кетті», - деп хабарлады облыс әкімдігі.