17.03.2026, 16:35
Жаңалықтар
Семейде ұрлыққа түскен жастар ұсталды
Олар өз кінәларын толық мойындады
Фото: istockphoto.com
Семейде полицейлер 35 жастағы қала тұрғынының мүлкін ұрлады деген күдікпен 21 және 22 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректеріне сәйкес, күдіктілер Toyota Estima маркалы автокөліктің жүксалғышынан кабельді жасырын түрде ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 500 000 теңгені құрады.
Күдіктілер жедел түрде анықталып, ұсталды. Олар өз кінәларын толық мойындады.
Аталған факті бойынша алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды