Ақтөбеде қоқыс контейнерінен ер адамның мәйіті табылды: күдікті қолға түсті
Өкінішке қарай, қайғылы оқиғаны облыстық Полиция департаменті ресми түрде растады
Ақтөбе қаласында 12 наурыз күні аулалардың біріндегі қоқыс контейнерінің ішінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өкінішке қарай, қайғылы оқиғаны облыстық Полиция департаменті ресми түрде растап, агенттік тілшісіне мән-жайды түсіндірді.
«Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жедел түрде жүргізіп, нәтижесінде кісі өлтірді деген күдікпен азамат анықталып, ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші арасында спирттік ішімдіктерді бірге ішу барысында жанжал туындап, оның барысында күдікті жәбірленушіге бірнеше рет пышақ жарақатын салған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.