$ 486.2  557.82  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда курьер лифтінің ішіне дәрет сындырып кетті (ВИДЕО)

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Алматыда курьер лифтінің ішіне дәрет сындырып кетті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматыда лифтінің ішіне дәрет сындырып кеткен курьер табылып, қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, желі қолданушылығының наразылығын тудырды. Осыған қатысты Алматы қаласының Полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша Алмалы ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел шаралар қабылдап, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Полиция мұндай әрекеттердің жол берілмейтінін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.