17 наурызда елдің бір бөлігінде жаңбыр жауып, шаңды дауыл соғады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер тұман түсіп, жел күшейетінін ескертті

Фото: istockphoto.com

17 наурыз күні Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елдің басым бөлігінде кең антициклон ықпалы сақталып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда батыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түсіп, негізінен жаңбыр жауады.

Сонымен қатар республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі байқалады. Батыс аймақтарда жел екпіні артып, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, синоптикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты кей өңірлерде көру қашықтығының төмендеуі және желдің күшеюі ықтимал. Сондықтан тұрғындарға жолда және ашық аумақта сақ болу ұсынылады.