$ 486.2  557.82  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда тарихи-өлкетану музейінің жаңартылған экспозициясы салтанатты түрде ашылды

Өңірдің 90 жылдығына орай жүзеге асқан жоба келушілерге Сарыарқаның бай тарихын заманауи технологиялар арқылы таныстырады

Қарағандыда тарихи-өлкетану музейінің жаңартылған экспозициясы салтанатты түрде ашылды
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысының 90 жылдығын мерекелеу аясында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңартылған экспозициясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға өңір басшылығы, мәдениет саласының өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды облысының 90 жылдық мерейтойы аясында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі ауқымды реэкспозициядан кейін келушілерге қайта есігін ашты.

Салтанатты шараға Қарағанды облысы әкімдігі аппаратының өкілдері, өңірлік басқарма басшылары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің өкілдері, Ұлттық музей мен облыстық музейлердің жетекшілері, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымдары, танымал қоғам қайраткерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жаңартылған экспозиция Сарыарқа өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған. Жоба аясында ұрпақтар сабақтастығының маңызы, өңірдің әлемдік тарихтағы орны мен Қазақстан тарихына қосқан үлесі кеңінен таныстырылады.

Сонымен қатар экспозиция Қарағанды облысының дамуын көне дәуірлерден бастап индустриялық қалыптасу кезеңі және Тәуелсіз Қазақстан жылдарындағы жетістіктері арқылы көрсетеді. Бұл жоба музейдің туристік әлеуетін арттырып, оны қала қонақтары мен туристер үшін тартымды мәдени нысандардың біріне айналдыруды көздейді.

Музейдің 2025–2026 жылдарға арналған реэкспозициясы соңғы 13 жылдағы ең ауқымды жаңғырту жобаларының бірі болды. Жаңарту барысында экспозиция терең ғылыми зерттеулер негізінде жасалып, заманауи мультимедиялық технологиялармен толықтырылған.

Экспозициялық залдарда тақырыптық инсталляциялар, интерактивті аймақтар, мультимедиялық киоскілер, голограммалар және проекциялық жүйелер орнатылған. Келушілер сенсорлық экрандар арқылы архивтік құжаттармен танысып, сирек кездесетін экспонаттар туралы кеңейтілген ақпарат ала алады.

Жалпы музей экспозициясы 13 залдан тұрады. Онда өңір тарихы көшпелі империялар дәуірінен бастап Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезеңіне дейінгі уақытты қамтиды.

Көрмеде археологиялық олжаларға, қола және ерте темір дәуіріне жататын жәдігерлерге, қазақ халқының материалдық мәдениетіне, сондай-ақ Қарағанды қаласы мен облысының қалыптасу тарихына ерекше назар аударылған.

Музейді жаңғырту жобасын Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп жүзеге асырды.