$ 486.2  557.82  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Наурыз мерекесі кезінде Шу-Тараз бағыты бойынша қосымша электр пойызы қатынайды

Мереке күндеріне байланысты осындай шешім қабылданды

Наурыз мерекесі кезінде Шу-Тараз бағыты бойынша қосымша электр пойызы қатынайды
Фото: ҚТЖ

Қазақстанда Наурыз мерекесі күндері Шу – Тараз бағыты бойынша қосымша электр пойызы іске қосылады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Жолаушылар санының артуы мүмкін екеніне байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ №6975/6976 қосымша электр пойызын іске қосады. Ол мереке күндері Шу және Тараз станциялары арасында қатынайды.

Пойыз 21, 22, 23, 28, 29 және 30 наурыз күндері жолға шығып, өңір тұрғындары мен қонақтарына қосымша көлік қатынасын қамтамасыз етеді.

Қозғалыс кестесі:

Шу станциясынан:

  • жөнелуі — 05:00
  • Таразға келуі — 08:41

Тараз станциясынан:

  • жөнелуі — 12:40
  • Шуға келуі — 16:22

Баспасөз қызметінің мәліметінше, электр пойызы екінші және үшінші кластағы төрт вагоннан тұрады. Құрамның жалпы сыйымдылығы – 352 орын.

Мақалада

#ҚТЖ #пойыз