$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның жол құрылысы саласында 70 компания 408 млрд теңгені «жоқ» қылған

Компаниялардың бәрі жалған мәлімет ұсынған

Қазақстанның жол құрылысы саласында 70 компания 408 млрд теңгені «жоқ» қылған
Фото: freepik.com

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер агенттігі 2025 жылы автомобиль жолдарын салуға бөлінген қаржыға талдау жасап, сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәлірек айтсақ, өңірлер бойынша 11 млрд теңге көлеміндегі сметалық құнның негізсіз ұлғайғаны анықталған.

Бұдан өзге 23 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалғаны, ал, міндетті мемлекеттік сараптамадан өтпеген құны 27 млрд теңгені құрайтын 324 нысанның бар екені анықталған.

«70 компанияның 408 млрд теңгеге жуық сомаға келісім-шарттар алу мақсатында жұмыс тәжірибесіне қатысты жалған мәліметтер ұсыну фактілері тіркелді», - деп хабарлайды агенттік.

Осы шаралардың арқасында үкімет 2026 жылға жоспарланған 360 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының ашық әрі тиімді игерілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік алған көрінеді.

Мақалада

#жол сапасы #жол