Дубай халықаралық әуежайы аймағында дрон шабуылынан кейін өрт шықты (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл туралы 16 наурызда эмират үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады

Фото: видеодан скриншот

Билік мәліметтері бойынша, дрон инцидентінен кейін Dubai International Airport (DXB) маңында орналасқан жанармай бөшкесінің бірі өртенген. Өрт сөндіру үшін Дубай азаматтық қорғау бөлімшелері жіберілген және олар өртті сөндіруге кіріскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Дрон соққыларының салдарынан Дубай халықаралық әуежайы маңында орналасқан жанармай бөшкесінің біріне зақым келген. Азаматтық қорғау командалары өртті бақылауға алу үшін жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.

Биліктің ақпаратынша, зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ. Жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 05:10-да өртті локализациялау мүмкін болды.

Кейін Дубай азаматтық авиация басқармасы қауіпсіздік шарасы ретінде әуежайдағы ұшуларды уақытша тоқтатқанын хабарлады, бұл шара жолаушылар мен персоналды қорғау үшін қабылданған.