$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Каспий теңізіндегі love story: Маңғыстауда жас жұбайлар референдумға катермен келді

Референдумға қатысу олардың отбасылық өмірінің басталуымен тұспа-тұс келіп отыр

Каспий теңізіндегі love story: Маңғыстауда жас жұбайлар референдумға катермен келді
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысында жас жұбайлар референдум күні дауыс беру учаскесіне ерекше тәсілмен – катермен Каспий теңізі арқылы келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жас жұбайлар жол бойы love story стилінде бірнеше бейнеролик түсіріп, теңіз үстінде серуенді, Каспийдің көркем көріністерін және жағалауға келіп тоқтаған сәттерін видеоға түсірген.

Облыстық сайлау комиссиясы мұндай қадам өңір жастарының қоғамдық өмірге белсенді қатысатынын және азаматтық жауапкершілігін көрсететінін атап өтті.

Дауыс бергеннен кейін жас жұбайлар бұл сәттің символдық мәні бар екенін айтты: референдумға қатысу олардың отбасылық өмірінің басталуымен тұспа-тұс келіп, өздері үшін де, елдің болашағы үшін де есте қаларлық оқиғаға айналған.