$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда жеке мектептің директорына қатысты сот үкімі шықты

Білім ордасының құрылтайшысы ата-аналарды алдаған

Атырауда жеке мектептің директорына қатысты сот үкімі шықты
Фото: © istockphoto.com

Атырау қаласында Lets School жеке мектебіне қатысты алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты. Білім ордасының құрылтайшысы ата-аналарды алдап, аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтіргені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бас прокуратураның мәліметінше, мектеп директоры пайдакүнемдік ниетпен білім беру ұйымын құрған. Алайда, мектепте көрсетілген қызметтер ата-аналарға берілген уәделер мен жарнамаланған шарттарға мүлдем сай келмеген.

Тергеу барысында анықталғандай:

Күдікті білім беру саласын ақша бопсалау құралы ретінде пайдаланған;

Зардап шеккен ата-аналарға келтірілген жалпы шығын көлемі 120 миллион теңге.

Атырау қаласының №2 соты іс материалдарын қарап, келесідей шешім шығарды:

1. Мектеп директоры алаяқтық бабы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталды.

2. Оған алдағы 6 жыл бойы коммерциялық және қаржылық ұйымдарда басшылық лауазымдарды иеленуге тыйым салынды.

3. Сот сотталған азаматтан 120 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өндіріп алу туралы қаулы қабылдады.