Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
Боксшы шетелге турнирге барған
Геннадий Головкин Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау мәселесіне арналған референдумда Бангкок қаласында дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол бұл қалаға World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысу үшін барған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің және «World Boxing» ұйымының президенті Геннадий Головкин Таиландтағы Қазақстан елшілігі жанынан ашылған №453 референдум учаскесіне барып, жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда өз таңдауын жасады.
Головкин ел үшін маңызды шешімдер қабылдау барысында азаматтардың белсенді қатысуының маңызын атап өтіп, республикалық референдумның мемлекетті одан әрі дамыту мен нығайтудағы рөліне тоқталды.
Айта кетейік, Геннадий Головкин Бангкокте World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысып жүр.