$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның бірқатар министрі республикалық референдумда дауыс берді

Олар өз сайлау учаскелеріне барып, таңдауын жасады

Қазақстанның бірқатар министрі республикалық референдумда дауыс берді
Фото: Azattyq Rýhy

Қазақстанның бірқатар министрі жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов республикалық референдумда дауыс беруге қатысты. ТЖМ басшысы Астанадағы ҚР Президенттік орталығында орналасқан №176 дауыс беру учаскесінде дауыс берді. Дауыс беру күні бүкіл ел бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері республикалық референдумға қатысуда.

Сол сияқты су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс берді.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова да жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумда өз таңдауын жасады. Ведомство басшысы елордадағы Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде ашылған №130 дауыс беру учаскесінде дауыс берді.

 

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша өткен республикалық референдумда дауыс беруге қатысты. Қорғаныс ведомствосының басшысы елордадағы сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, конституциялық құқығы мен азаматтық борышын жүзеге асырды.