$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Референдумда шетелде дауыс беру: 54 елде қазақстандықтар үшін 71 учаске ашылады

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді

Референдумда шетелде дауыс беру: 54 елде қазақстандықтар үшін 71 учаске ашылады
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Референдум кезінде Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 54 мемлекетте барлығы 71 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов мәлімдеді.

«Әскери-саяси жағдайдың күрделенуіне және сол елдерде біздің азаматтар санының аз болуына байланысты 10 мемлекетте 11 учаске ашылмайды. Олар – Иран, Израиль, Иордания, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері (2 учаске), Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия. Шетелде дауыс беруге тіркелген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 14 380 адамды құрады», – деді ол.

Исетовтің айтуынша, референдум учаскелеріндегі дауыс беру Астана уақытымен сағат 03:00-де Токио мен Сеулде басталған.

«Сағат 08:00-ге дейін жалпы саны 23 учаске ашылып, онда 198 адам дауыс берді. Ең соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы жанындағы учаске ашылып, жабылады. Ол бүгін Астана уақытымен сағат 19:00-де ашылып, ертең, 16 наурыз күні сағат 08:00-де жабылады», – деп атап өтті ол.

Дауыс берген азаматтар саны туралы ақпарат таңертеңнен бастап әр екі сағат сайын, ал түстен кейін әр сағат сайын жаңартылып отырады.