Сеулде референдум учаскесінде дауыс беру басталды
Шетелде жүрген отандастарымыз азаматтық жауапкершіліктерін көрсетуде
Сеул қаласындағы учаскеде алғашқылардың бірі болып Азия орман ынтымақтастығы ұйымының (AFoCO) қызметкері Қазақстан азаматы Ернар Сарсенбаев дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Cыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ол шетелде жүрген азаматтар үшін осындай маңызды саяси процеске қатысу мүмкіндігі жасалғанын жоғары бағалап, референдумға қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.
«Мұндай маңызды ұлттық мәселелер бойынша өз пікіріңді білдіру – әр азаматтың парызы. Референдум еліміздің дамуы мен болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді», – деді ол.
Сеулде #422 және Токиода #425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.
Шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған.
Айта кетейік, бұған дейін шетелдегі референдум учаскелерінде алғашқылардың бірі болып Жапонияның Токио қаласындағы қазақстандық студент дауыс берді.