$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұман: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі

Тұман: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Елордада, Шымкентте және Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, 15 наурызда бірқатар облыста тұман, қар, боран және көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көктайғақ, кей уақытта тұман түседі.

Ақмола облысында түнде солтүстігі мен шығысында қар жауып, жаяу борасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу борасын және көктайғақ күтіледі. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Көкшетауда түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жаяу борасын, көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу борасын, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде оңтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Петропавлда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу борасын, көктайғақ. Тұман түседі.

Қостанай облысында тұман. Қостанай қаласында да тұман.

Павлодар облысында түнде батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу борасын соғады, көктайғақ болады, күндіз оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу борасын, көктайғақ күтіледі. Түнде оңтүстігінде тұман. Жел батыстан соғады, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Павлодарда таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу борасын, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Қарағанды қаласында тұман.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман. Жезқазғанда тұман.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу борасын күтіледі. Оңтүстігі мен шығысында тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз солтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Өскеменде күннің екінші жартысында көктайғақ болады.

Абай облысында таңертең және күндіз батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу борасын күтіледі. Оңтүстігі мен шығысында тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с. Семейде күндіз көктайғақ болады.

Алматы облысында түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз шығысында солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.

Жетісу облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман. Жел солтүстік-шығыстан соғады, Алакөл көлдері маңында екпіні 17–22 м/с.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман. Жел солтүстік-шығыстан соғады, таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с. Шымкентте түнде және таңертең тұман. Түркістанда да түнде және таңертең тұман.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз орталығында және шығысында екпіні 15–20 м/с. Қызылордада жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман.

Атырау облысында күндіз батысында шаңды дауыл. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, батысында екпіні 15–20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Оралда тұман.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең солтүстік-шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз батысында және орталығында екпіні 15–18 м/с. Ақтауда жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с.