Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Елдің басым бөлігінде тұман күтіледі
14 наурыз күні Астана, Алматы қалаларында және Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар облыстарда тұман, қар, боран және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көктайғақ болады. Ақмола облысында түнде оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу борасын, көктайғақ, күндіз осы өңірлерде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу борасын, көктайғақ күтіледі. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында екпіні 15–20 м/с. Көкшетауда да күндіз желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу борасын, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Петропавлда күндіз аздаған қар, жаяу борасын, көктайғақ болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Қостанайда да тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу борасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Қарағандыда да тұман мен көктайғақ күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болады. Жезқазғанда да тұман мен көктайғақ күтіледі.
Абай облысында түнде және таңертең оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, орталығында екпіні 15–20 м/с жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктері мен таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде екпіні 18 м/с жетеді. Алматыда түнде және таңертең тұман болады. Қонаевта түнде тұман күтіледі. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөлігінде) кейде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 18 м/с жетеді.
Жетісу облысының шығысында және таулы аудандарында тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, Алакөл көлдері маңында екпіні 15–20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыс, шығыс бағыттағы жел күндіз орталығында және оңтүстігінде 15–20 м/с дейін күшейеді. Қызылордада күндіз желдің екпіні 15 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең солтүстік-шығысында тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Оралда да тұман болады.