14.03.2026, 00:20
Жаңалықтар
Алматыда автосалон қызметкерлерінің көз алдында су жаңа көлікті ұрлап әкетті
Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Фото: istockphoto
Алматы облысында автосалон тұрағынан автокөлік ұрлады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік полицияға сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, қылмыс Бесағаш ауылында болған. Алдын ала сөз байласқан бірнеше адам автосалоннан Changan CS55 Plus маркалы көлікті айдап әкеткен.
Күдіктілер Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталған.
Кейін ұрланған автокөлік Түркістан облысының Жетісай қаласы аумағынан табылды. Көлік тергеу әрекеттері аясында тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 09:00
Үй саламын деп елден 4 млрд теңге жинап алған, Ақтөбедегі жантүршігерлік жағдай: демалыс күндері ел назарын аударған оқиғалар
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды