$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық теннисші WTA-1000 санатындағы турнирдің финалына шықты

Отандасымыз сербиялық теннисшімен жұп құрап өнер көрсетіп жатыр

Қазақстандық теннисші WTA-1000 санатындағы турнирдің финалына шықты
Фото: Olympic.kz

Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина BNP Paribas Open турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы беделді хард турнирінде қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен жұп құрап өнер көрсетіп жатыр. Олардың дуэті жарыста бесінші нөмірмен тіркелген.

Жартылай финалдық кездесуде Данилина мен Крунич жетінші нөмірмен тіркелген испаниялық Кристина Букша мен америкалық Николь Меликар-Мартинес жұбын сенімді түрде жеңді. Матч екі сетте – 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.

Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық-сербиялық жұп үш эйс жасап, бір қос қателік жіберді және 13 брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды.

Финалда Анна Данилина мен Александра Крунич чехиялық Катерина Синякова және америкалық Тейлор Таунсенд жұбымен кездеседі. Үшінші нөмірмен тіркелген бұл дуэтке қарсы шешуші матч 14 наурызға жоспарланған.

Индиан-Уэллстегі сәтті өнерінің арқасында Анна Данилина жұптық разрядтағы әлемдік рейтингте төртінші орынға көтеріледі. Бұл – теннисшінің карьерасындағы ең үздік нәтиже болмақ.