Шатыр құлап, 2 көлік қираған
Шығыс Қазақстанда қатты дауыл тұрып, балалар спорт мектебінің шатыры ұшты және 2 автокөлік бүлінді деп хабарлайды Бородулиха ауданы төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасап Хабар 24.
Мекеменің хабарлауынша, 13 шілде күні 14:00-де Бородулиха ауылында қатты жел тұрып, «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ ғимаратының 468 шаршы метрлік шатыры құлаған.
«Шатыр құлап, 2 көлік қирады. Зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі есептеліп жатыр», - деп түсіндірді ТЖБ өкілі
Желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жеткен.