Президент Қ. Тоқаев қауіпсіздік шаралары сақталмаса, пандемияға қарсы күресте оң нәтиже болмайтынын айтты
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев вирусқа қарсы қауіпсіздік қағидаларын ұстанудың маңызын тағы да атап өтті.
«Азаматтардың назарын жеке қауіпсіздік шараларын, оның ішінде, бетперде тағып, әлеуметтік қашықтық пен тазалық сақтаудың аса маңызды екеніне аударамын. Егер мұны ұстанбасақ, пандемияға қарсы күресте оң нәтиже болмайды», - деді Президент Twitter желісінде.