Алматы дәріханаларындағы дәрі тапшылығын байқағандар арнайы нөмерлерге хабарласып, шағым түсіре алады
Алматы әкімдігі дәріханаларда дәрі жетіспеушілігін байқаған азаматтардың хабарласып, шағым түсіре алатын нөмірлерді жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қала дәріханаларында тапшылық немесе бағаның негізсіз көтерілуін байқаған жағдайда тұрғындар мына нөмерлерге хабарласып, шағымдана алады:
8-775-882-52-00, 8-775-882-53-92, 8-775-882-53-12, 8-775-882-54-16, 8-775-882-56-49.
Бұл нөмерлерге жеке және заңды тұлғалардың дүйсенбі-жұма аралығында таңғы 09:00 мен 20:00 аралығында қоңырау шалуына болады.