Coronavirus2020 мобильді қосымшасы жасалды
Ақпарат министрлігі Coronavirus2020 мобильді қосымшасын жасап шығарды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстандағы COVID-19 жағдайы туралы жедел ақпарат беру үшін Coronavirus2020 мобильді қосымшасын жасап шығарды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мобильді қосымша арқылы тұрғындар Қазақстандағы COVID-19 жағдайы туралы ақпаратты жедел біліп отырады. Әзірге қосымшаны Coronavirus2020.kz сайтынан компьютерге жүктеп алуға мүмкіндік бар. Ал жақында iOS (App Store) пен Android (Play market) платформаларынан жүктеу алу қолжетімді болмақ.
Қосымшадан төмендегідей ақпаратты уақытылы біліп отырасыз:
- Коронавируспен күресте мемлекет қабылдап жатқан шаралар;
- Індеттен сақтану және оның алдын алу шаралары;
- Коронавируспен ауырған және жазылған адамдардың статистикалық деректері;
- Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарындағы Call-орталық нөмірлері;
- Әртүрлі жағдайларда жасалатын шаралар алгоритмі;
- Елдегі шектеу шаралары;
- Жаңалықтар лентасы;
- COVID-19 туралы ең жиі қойылатын сұрақтарға жазбаша және бейнеролик форматындағы жауаптар.