$ 491.59  572.16  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда биыл қай өңірлердегі вокзалдар жөндеуден өтетіні белгілі болды

Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмысы жалғасып жатыр

Қазақстанда биыл қай өңірлердегі вокзалдар жөндеуден өтетіні белгілі болды
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда теміржол вокзалдарын реконструкциялау және модернизациялау жұмысы жалғасып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы еліміз бойынша 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және модернизациялау кешенді жұмыстары басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні 36 вокзалда құрылыс-монтаж жұмысы аяқталды.

2025 жылы мына станциялардағы вокзалдарда жөндеу жұмысы аяқталды: Жақсы, Курорт-Бурабай, Макинка, Шортанды, Ұзын-Ағаш, Шамалған, Сағыз, Мақат, Талдықорған, Ақши, Теміртау, Айса, Құсмұрын, Аманқарағай, Талап, Қазалы, Бозшакөл, Тайынша және Жаңаесіл.

2026 жылдың бірінші тоқсанында мына станциялардағы вокзалдарда жұмыстар аяқталды: Семиглавый Мар, Мырза, Сарышаған, Көктұма, Ағадыр, Қарағанды-Сұрыптау, Жаңақорған, Шиелі, Жетісу, Қарасор, Тобыл, Қалқаман, Доссор, Қызылжар, Саумалкөл, Жалтыр және Аққыстау.

«Қалған вокзалдардағы реконструкция жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Модернизация нәтижесінде жолаушылар заманауи күту залдарына, жаңартылған навигациялық және ақпараттық жүйелерге, жетілдірілген инженерлік шешімдерге, сондай-ақ барлық санаттағы азаматтарға арналған қолайлы жағдайларға ие болады.

Бағдарламаны іске асыру Қазақстандағы теміржол вокзалдарының инфрақұрылымын заманауи және халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді», – делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Мақалада

#вокзал #теміржол