11.03.2026, 10:41
Жаңалықтар
Астана қаласының тұрғындары 15 наурыз күні қоғамдық көлікпен тегін қатынай алады
Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді
Фото: istockphoto.com
Астана қаласында 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумге байланысты қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің мәліметінше, бұл шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды.
Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
«Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді. Жолаушылар осы ақпаратты ескергені жөн», – делінген әкімдік хабарламасында.
Көп оқылған
19.09.2026, 06:38
Алматыда өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, қару көрсетіп жүрген бес жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.09.2026, 07:38
Павлодарда Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды (ВИДЕО)
19.09.2026, 08:55
Сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
19.09.2026, 12:17
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылды
19.09.2026, 14:08
Президентке Астананы абаттандыру жұмыстары туралы баяндалды
20.09.2026, 00:28
Қытайда магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды