Отандастарымызды қақтығыс аймағынан қайтару жұмысы жалғасып жатыр
Таяу Шығыс елдерінен эвакуация басталғалы барлығы 8 585 қазақстандық елге оралды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы тиісті органдармен бірлесіп, азаматтарымызды Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан қайтару жұмысын жалғастырып жатыр.
Аймақтағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті деңгейде іс-қимылдарды үйлестіріп, отандастарымызбен тұрақты байланыс жүргізуді қамтамасыз етуде.