Мамандар сақтық шараларын сақтауды ескертті
9 наурыз күні Алматы қаласында ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады. «Қазгидромет» мамандары мегаполис тұрғындарына сақтық шараларын сақтауды ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл зиянды заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал ететін факторлардың жиынтығы. Оған мыналар жатады:
Бұл факторлар қаладағы тұмшаның сейілмеуіне және ауада улы қалдықтардың қалып қоюына әкеп соғады.
Мамандар ауа сапасының нашарлауына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына келесі ережелерді сақтауға кеңес береді:
1. Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын маңда ұзақ жүрмеген абзал.
2. Өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және аллергияға бейім жандарға өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүргені дұрыс.
3. Ауа райы жақсарғанша ашық аспан астында спортпен шұғылданудан немесе ауыр физикалық жұмыс істеуден бас тартқан жөн.