09.03.2026, 08:17
Жаңалықтар
Абай облысының бүркітшісі Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Аламан сайысқа 10 мемлекеттен 30-дан астам құсбегі қатысқан
Фото: Абай облысының әкімдігі
Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында құсбегіліктен II Әлем чемпионатында отандасымыз топ жарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дүбірлі додаға 10 мемлекеттен 30-дан астам құсбегі қатысып, өз шеберліктерін сынға салды.
Аталған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының намысын 3 спортшы қорғады. Солардың қатарында облысымыздың тумасы, Үржар ауданының бүркітшісі Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.
Жарыс қорытындысы:
- 1-орын – Серік Жеңісбек (Моңғолия)
- 2-орын – Ерзат Байқадамов (Қазақстан)
- 3-орын – Бүркітхан Хайзым (Моңғолия)
Айта кетейік, құсбегіліктен I Әлем чемпионаты 2022 жылы Абай облысының Үржар ауданында ұйымдастырылған болатын.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды