$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған екі көліктен сегіз адам құтқарылды

Оқиға Ақтасты ауылынан 30 шақырым жерде болған

Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған екі көліктен сегіз адам құтқарылды
Фото: © istockphoto.com

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары арнайы операция жүргізді. Қар құрсауында қалған екі жеңіл көліктен сегіз адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Мәліметтер бойынша, оқиға Ақтасты ауылынан 30 шақырым жерде болған. Қатты боран мен жолдың көрінбеуі салдарынан екі көлік қар құрсауында тұрып қалған. Құтқарушыларға хабар түскен бойда оқиға орнына ТЖМ-нің жоғары өтімді техникасы аттанған.

Құтқару жұмысының нәтижесінде:

8 адам (жолаушылар мен жүргізушілер) қауіпсіз жерге шығарылды;

Барлық жолаушы Толыбай елді мекеніне жеткізілді;

Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі 9 наурызда таратқан мәліметінде өңірдегі ауа райының құбылмалы екенін тағы да еске салды.

«Алыс сапарға шықпас бұрын міндетті түрде ауа райы болжамын ескеру қажет. Ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жолдан бас тартып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз», — делінген ведомство хабарламасында.