10 өңірде қар жауып, боран соғады
9 наурыз, дүйсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде қар мен боран күтіледі. Облыстарда көктайғақ пен тұман болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында түнде батысында, солтүстігінде және орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын болады, облыстың батысы мен орталығында қалың қар түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы 15–18 м/с болса, күндіз батысында, оңтүстігінде және орталығында 15–20 м/с, кей кезде 23 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе қаласында кей уақытта қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с-қа жетеді.
Абай облысында солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Семейде күннің екінші жартысында көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өскеменде көктайғақ болады.
Жамбыл облысында таңертең және күндіз таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, таулы аудандарда 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қызылорда облысында таңертең және күндіз солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде боран соғады. Солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Жел батыстан және оңтүстік-батыстан соғып, күндіз солтүстігі мен орталығында 15–20 м/с, кейде 25 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда қаласында кей уақытта тұман болады.
Қостанай облысында шығысында және оңтүстігінде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғып, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанайда түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады.
Маңғыстау облысында батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, күндіз 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтауда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, күндіз 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау облысында жауын-шашын (негізінен қар) түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, күндіз 15–20 м/с, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде кейде 25 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау қаласында жауын-шашын (көбіне қар) түсіп, жаяу бұрқасын болады. Тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, күндіз 17–22 м/с-қа дейін жетеді.
Қарағанды облысында түнде батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды қаласында түнде кей уақытта қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысында түнде солтүстігінде және шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде және орталығында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.