$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетау маңындағы өрт: жалын арасынан алты газ баллоны табылды

Тілсіз жау 40 шаршы метрді шарпыған

Көкшетау маңындағы өрт: жалын арасынан алты газ баллоны табылды
Фото: ҚР ТЖМ

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Нефтебазовский ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында өрт ошағы дер кезінде оқшауланған. Осылайша жалпы аумағы шамамен 500 шаршы метр болатын үйдің қалған бөлігіне жалынның таралуына жол берілмеген.

«Өрт 40 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Сонымен қатар өрт сөндірушілер әртүрлі көлемдегі — 10, 27 және 51 литрлік алты газ баллонын дер кезінде байқап, оларды өрт ошағынан алып шықты. Осылайша ықтимал жарылыстың алдын алу мүмкін болды», – делінген хабарламада.

Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына жылыту пешін орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.

Өрт сөндірушілер тұрғындарға  жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу керек.