Көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді
Қазақстанда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты республикалық маңызы бар тас жолдардың бірнеше учаскесі жабылды. Шектеулер Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында енгізілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
8 наурыз күнгі жағдай бойынша келесі бағыттарда қозғалыс шектелді:
1. Қостанай облысы:
Бағыт: «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» тасжолы (108–218 шақырым, Әулиекөлден Октябрьскийге дейінгі учаске).
Жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге тыйым салынды.
9 наурыз, сағат 08:00-де ашылуы мүмкін.
2. Ақтөбе облысы:
Бағыт: «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қарабұтақ – Шымкент – Алматы» халықаралық дәлізі (965–1153 шақырым, Қарабұтақтан Ырғызға дейінгі учаске).
Жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық.
9 наурыз, сағат 09:00-де ашылуы мүмкін.
3. Батыс Қазақстан облысы:
Бағыт: «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» тасжолы (610–710 шақырым, Құрашасайдан Қобдаға дейінгі учаске).
Көліктің барлық түріне (жеңіл көліктерді қоса алғанда) қозғалыс шектелді.
Ашылу уақыты: 9 наурыз, сағат 09:00.