$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлем кубогы: гимнасшы Милад Карими ел қоржынына тағы бір медаль салды

Ол екінші мәрте жеңіс тұғырына көтерілді

Әлем кубогы: гимнасшы Милад Карими ел қоржынына тағы бір медаль салды
Фото: olympic.kz

Әзірбайжан астанасында спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдеге ие болды. Отандасымыз Милад Карими жарыстың соңғы күнінде екінші мәрте жеңіс  тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жексенбі күні спортшылар жекелеген снарядтар бойынша бақ сынады. Кермедегі жаттығуда Милад Карими керемет өнер көрсетіп, 15,033 ұпай алды. Бұл нәтиже оған турнирдің күміс жүлдесін сыйлады.

Кермедегі жаттығу нәтижелері:

1-орын: Чиа Хун Тан (Қытай) – 15,366 ұпай;

2-орын: Милад Карими (Қазақстан) – 15,033 ұпай;

3-орын: Анхель Барахас (Колумбия) – 14,400 ұпай.

Айта кетерлігі, осы сында тағы бір қазақстандық Диас Тойшыбек 13,900 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.

Милад Карими бұған дейін еркін жаттығудан да Әлем кубогының вице-чемпионы атанған болатын. Осылайша, ол Баку турнирін екі күміс медальмен аяқтады.

Өкінішке қарай, Олимпиада ойындарының жүлдегері Нариман Құрбанов ат снарядындағы финалда қателік жіберіп, құлап қалды. Нәтижесінде ол 12,600 ұпаймен бесінші орынды иеленді. Тағы бір отандасымыз Зейнолла Ыдырысов жетінші орынға жайғасты.

Қазақстан құрамасы Бакудегі Әлем кубогы кезеңін жалпы есепте екі күміс жүлдемен қорытындылады.