Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған ауылдан ана мен бала құтқарылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Бір жасар сәбиге шұғыл түрде медициналық көмек қажет болған

Фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында құтқарушылар Некілтау ауылының тұрғындарына көмекке келді. Қатты боран салдарынан Хромтау – Бадамша тас жолы жабылып, елді мекенмен байланыс үзілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

7 наурыз күні Төтенше жағдайлар министрлігіне Некілтау ауылынан хабарлама түскен. Бір жасар сәбиге шұғыл түрде медициналық көмек қажет болған. Алайда ауа райының қолайсыздығы мен жолдың жабылуына байланысты жедел жәрдем көлігі ауылға жете алмаған.

Құтқарушылар жоғары өтімді арнайы көлікпен дереу жолға шығып, баланы анасымен бірге Хромтау қалалық ауруханасына аман-есен жеткізген.

Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына ауа райының қолайсыздығы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.