Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жол жабылды
Бұл өңірлерде қозғалысқа уақытша шектеу қойылды
Елімізде ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Қай жолдар жабық?
7 наурыз күні сағат 10:30-дан бастап келесі бағыттар бойынша көлік қозғалысы тоқтатылды:
Ақмола облысы бойынша:
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» тас жолының 346-407 шақырым аралығы (Жақсы ауылынан СҚО шекарасына дейін).
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Дәл осы тас жолдың 407-429 шақырым аралығы (Чистополь ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін).
Жол қашан ашылады?
Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, аталған учаскелерде қозғалыс 8 наурыз күні сағат 09:00-де ашылуы тиіс. Алайда бұл уақыт ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін.