Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды
Бұл қалаларда ауа қабатында зиянды заттар жиналады
7 наурыз күні Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның сапасы нашарлайды. Атырау және Балқаш қалаларының ауа қабатында зиянды заттардың жиналуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қолайсыз метеожағдай дегеніміз не?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін факторлар жиынтығы. Оған мыналар жатады:
- Желдің болмауы немесе өте әлсіз соғуы;
- Тұман;
- Инверсия.
Мұндай жағдайда өндіріс орындары мен көліктерден бөлінетін түтін, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Ауа сапасы бұзылған кезде дәрігерлер мен синоптиктер келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
1. Тас жолдар мен зауыт маңында көп жүрмеу керек. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартқан жөн.
2. Ашық аспан астындағы физикалық белсенділікті азайтып, жаттығуларды жабық кешендерде өткізген дұрыс.
3. Өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиясы бар адамдар далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүргені абзал.