Компания жолдардағы жағдай туралы айтты
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстанның автомобиль жолдарындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2026 жылғы 7 наурыз таңғы уақыттағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың мына учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашық:
Ақтөбе облысы
«Ақтөбе — РФ шекарасы (Әлімбет өткізу пункті)» автожолының 39–136 шақырымы (Ш. Қалдаяқов ауылы — Әлімбет шекаралық бақылау-өткізу пункті);
тек жеңіл көліктер үшін: «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776–1153 шақырымы (Ақтөбе қаласы — Ырғыз ауылы).
Қостанай облысы
«Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 8–218 шақырымы (Тобыл қаласы — Октябрьское ауылы);
«Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 418–539 шақырымы (Қарабалық кенті — Қостанай қаласы);
«Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 234–549 шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы — Қостанай қаласы);
«Денисовка — Жітіқара — Мүктікөл — РФ шекарасы» автожолының 0–50 шақырымы (Денисовка кенті — Жітіқара қаласы);
«Денисовка — Таврическое — Аршалы — Комаровка» автожолының 0–56 шақырымы (Денисовка кенті — РФ шекарасы);
«Қостанай — Мәмлүт» автожолының 180–403 шақырымы (СҚО шекарасы — Тобыл қаласы);
«Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 555–682 шақырымы (Тобыл қаласы — Сарыкөл кенті).
Солтүстік Қазақстан облысы:
«Қостанай — Мәмлүт» автожолының 226–305 шақырымы (Қостанай облысының шекарасы — Пресновка ауылы).